Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 21 Маусым, 2018

Халық қаржысын қалай жұмсауда?

Таяуда қаржылық сарапшылар халықтың тапқан-таянған қаржысынан (басқа маңыздыларын айтпағаннның өзінде) алимент пен жақындарына және туыстарына көмек үшін қанша ақша шығындайтынын есептеп шығарыпты. Сөйтсе, нақ осы мақсатта тұрғындар қаржысының 3% шығысы жұмсалатын көрінеді, деп түйіндейді finprom.kz сайтынан. Оның үстіне соңғы жылда шығыстар көлемі 9%-ға қысқарған.

Сондай-ақ кредиттер мен қарыздарды өтеуге көбірек ақша шығындануда: жылына қосымша 12%. Орташа статистикалық есеп­тегі бір қазақстандықтың 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы шығыстары 148,3 мың теңгені құраған – бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 11,5%-ға көп. Сол кезде бұл көрсеткіш 133 мың теңгені құрады. Шығыстардың орташа жиынтығының ең жоғары деңгейі Алматы мен Астанада сақталуда: тиісінше 218 мың теңге және 184 мың теңге. Сонымен қатар тұрғындары орташа есеппен 182,6 мың теңге жұмсайтын Қарағанды облысы да «үздік» үштіктің қатарына кіріп отыр (1-инфографика). Дегенмен, халықтың жан басына шаққандағы шығыстарының неғұрлым көп пайыздық өсімі СҚО-да тіркелген – 19,3%, 131 мыңнан 156,3 мың теңгеге дейін. Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы шығыстардың өсімі, тиісінше, 17,8 және 17,5 пайыздарды құраған (2-инфографика).

Сарапшылардың мәлімет­теріне орай, қазақстандықтар негізінен ақшаларын азық-түлікке, азық-түліктік емес тауарларға және ақылы қызметтерге жұмсайды екен. Халықтың тұтыну шығынының жиынтық үлесі 2018 жылдың І тоқсанына 93,2%-ды немесе 138,2 мың теңгені құрады. Шығындар бабының ма­ңыздылығы бойынша екіншісі кредит пен қарыз болып табылады – барлық шығындардың жалпы сомасының 4,2%-ы. Қазақстандықтар туыстарына, таныстарына материалдық көмекке, сондай-ақ алименттер мен салықтарға, төлемдер мен басқа да төлемақыларға бәрінен де аз шығынданады екен – 2,6% немесе 3,9 мың теңге (3-инфографика).

Көпжылдық серпін сарынында халықтың жан басына шаққандағы орташа шығындары жылына 4-10%-ға өсіп отырды. Соңғы бес жылда қазақстандықтардың шығындары 168,4 мың теңеге (44%) ұлғайған. Ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша 48,8 мың теңгеге немесе 9,7%-ға өскен.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша әзірлеген Иса ҚАМБАР

3133 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз