Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 03 Шілде, 2018

Тимур Сүлейменов: Жыл соңына дейін дәліз төңірегінде боламыз

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов инфляциямен күрес жайлы баяндады.

Министрдің айтуынша елімізде инфляция деңгейі қалпын сақтап қалады. Инфляция бағамы басқа факторларға ықпал ететіндіктен қатаң бақылауды талап етеді екен. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқаты мен табысына инфляция әсерін тигізеді.

«Бізде жарты жыл бойынша инфляцияның қорытындысы жасалды. Инфляция 5,9 пайыз көрсеткішіне дейін төмендеді. Атап айтқанда, бізде азық-түлік тауарлары бойынша инфляция 0,1 пайызды құрады. Яғни дефляция категориясына шықтық. Егер де өткен жылы өсім 0,7 пайыз болса, биыл 0,1 пайыз деңгейінде. Бұл өз кезегінде айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Сондықтан, біздің 2018 жылға межелеген макроэкономикалық индикатор (инляцияның дәлізі 5-7 пайыз деңгейінде) қазіргі кезде орындалып келеді. Біздің ойымызша, жыл соңына дейін осы дәліз төңірегінде боламыз», - деді Тимур  Сүлейменов.

   

1112 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз