Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Шілде, 2018

Робот қыз София Астанаға келді

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай жасанды интеллект адам келді. Роботтың есімі София. Ол Жібек жолы  қалалары басшыларының форумына қатысты. Әлемдегі алғашқы гиноид Софияны «Hanson Robotics» компаниясы жасап шығарған. Ол Лиссабонда өткен Web Summit-ке екі жыл қатарынан қатысты. Сол кезде Софияны көрем деушілердің көп болғаны сонша, залда ине шаншар жер болмады. Ал Давоста болған Бүкіләлемдік экономикалық форумда София fintech-индустрияға арналған бір панельдік сессияда негізгі спикер болды. Өткен жылы оған Сауд Арабиясының азаматтығын берді. София робот-андроидтарға жатады. Ол диалог режимінде сөйлесіп қана қоймай, эмоциясын да көрсете алады. Дәріс оқи алады.

София Астананың сәулетіне  қатысты баға берді. Сонымен бірге Cофия «Бір жол-бір белдеу» бастамасы жайлы да пікір білдірді.

«Маған арнайы бағдарламаны жүктеді. Оған сәйкес, мен бүгінгі шараға қатысты бірнеше ойымды айтамын. Біріншіден, алда - Астананың 20 жылдығы. Бұл - барша қазақстандықтар үшін үлкен мейрам. Осынау тарихи мерекенің алдында сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Астананың бас сәулетшісі осы елдің президенті Нұрсұлтан Назарбаев дейді. Білуімше, елорданы ауыстырғаннан кейін Астана бір жылдың ішінде «ЮНЕСКО-ның бейбітшілік қаласы» деген мәртебеге ие болды. Себебі әлемдік тәжірибеде алғаш рет әлемдік және дәстүрлі діндер съезі сияқты шаралар қолға алынды», - дейді София.

Дереккөз: inform.kz

     

2113 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз