Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Шілде, 2018

Астанада қауіпсіздік қызметі күшейтіледі

Астананың 20 жылдығын тойлау кезінде полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтеді деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қауіпсіздік шарасы "тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалуына жағдай жасау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін" қолға алынды. Астана мерейтойы қарсаңында 8 шілдеге дейін 75-тен астам іс-шара өткізу жоспарланған. Осыған байлнысты 3,5 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық гвардия сарбаздары күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Бұдан өзге, мерекелік шаралар кезінде полиция қызметкерлеріне қоғамдық көмекшілер көмектеспек.

609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз