Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қыркүйек, 2018

Сенат комитетінде халықаралық құжат қаралды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылы 1 қарашада Астана қаласында қол қойылған келісім Қазақстан мен Иордания үкіметтері құзыретті органдарының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласы бойынша ынтымақтастығының құқықтық негізін орнықтыруға бағытталған.

Құжатта төтенше жағдайларды жою кезіндегі өзара көмек көрсету, ынтымақтастықтың сипаттары, көмектің түрлері, мемлекеттік шекарадан өту шарттары мен барған мемлекеттің аумағында болу тәртібі, құралдар мен құтқару жабдықтарын әкелу мен алып шығу, сондай-ақ шығынды өтеу тәртібі айқындалған.

Ынтымақтастық, атап айтқанда, қоршаған ортаны болжау, ескерту және бағалау туралы ақпарат алмасу, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөнінде тәжірибе алмасу, бірлескен конференциялар, семинарлар мен жұмыс бабындағы кеңестер өткізу, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласында мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін артыру арқылы жүзеге асады.

Осы келісімді ратификациялау азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

1419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз