Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қыркүйек, 2018

Дархан Кәлетаев БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдерімен кездесті

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының әйелдер және гендерлік теңдік істері бойынша Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өкілі Илейн Конкиевич бастаған делегациямен кездесті. Бұл туралы ҚР Қоғамдық даму минстрлігінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар отбасы және гендерлік саладағы Қазақстан мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлін талқылады.

Дархан Кәлетаев Қоғамдық даму министрлігі атауының өзгеруі, Жастар және отбасы істері комитетінің құрылуы нәтижесінде отбасы саясаты министрлік жұмысының жаңа басым бағыты болғанын атап өтті.

Министр БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы өкілдерін үкіметтік емес ұйымдардың гендерлік мәселелерді шешуге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҮЕҰ қаржылай қолдау механизмдерін жүзеге асыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстармен таныстырды.

Илейн Конкиевич Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейіне оң көзқарас таныта отырып, ҚР Қоғамдық даму министрлігімен бірлескен іс-шараларды өткізуге дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту, отбасы және гендерлік саясат мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жандандыру маңыздылығын атап өтті.

1643 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз