Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 18 Қыркүйек, 2018

Қазақстанда Ресей ураны сақталады

  Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен Ресей өзара төмен байытылған уранды тасымалдау және жабдықтау жөнінде келісімге келді. Бұл Қазақстандағы МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің жұмысы үшін қажет деп хабарлайды РИА Новости. Келісімге «Техснабэкспорт» АҚ-ының логистика жөніндегі Бас директорының орынбасары Олег Козин мен МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі жоба жетекшісі Марк Бассет қол қойды. Өзара келісім МАГАТЭ-нің бас конференциясы өтіп жатқан Вена қаласында жасалды (17-21 қыркүйек). Төмен байытылған уран дегеніміз – атом электростанцияларына арналған отынның материалы. МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банк – әр мемлекетті ядролық отынмен қамтамасыз етуді кепілдендірген механизмдердің бірі. Бұл отын – аталған тасымал механизмдерінде ақау шыққан жағдайда ғана тасымалданады. Оған ешкім қол тигізбейді, тек қана әлемдік уран нарығында дағдарыс болса   пайдаға асады. Банк Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Өскеменнің Үлбі металлургиялық зауытында орналасқан. Банк ғимараты 2018 жылдың тамыз айында ашылды. МАГАТЭ төмен байытылыған уранды сатып алу, тасымалдау және оны сақтау секілді шығындардың барлығын өз мойнына алады. Қазақстан МАГАТЭ-нің төмен байытылған уранын сақтауға қатысты шығындарды көтереді. Оған электржабдығы, жылыту, қажетті қызмет орындары және қызметкерге арналған шығындар мен Қазақстанның банкіден өз қажеттіліктеріне жұмсаған қаржылары енеді.

www.kazgazeta.kz

2189 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз