Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қараша, 2019

Темекі шегуден бас тартудың тәсілдері

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы деректері бойынша, бүгінгі күні әлемде шамамен 1,1 млрд адам темекі шегушілер болып есептеледі.  Әлемде өлім-жітімнің басқа кез келген себептеріне қарағанда, жүрек-қантамыр ауруларынан көп адам қаза табады. Темекі шегу жоғары қан қысымынан кейінгі жүрек-қантамыр ауруларының екінші себебі болып табылады.

Бүгінде темекіні тастаудың алуан түрлі тәсілдері бар. Сіздерге темекіні тастаудың тиімді жолдарының бірі ретінде Бабуриндік тәсілді ұсынамыз. Бұл тәсіл бойынша шылым шегуді қойғыңыз келсе төмендегі ережелерді орындаңыз:

  • ашқарынға темекі тарпаңыз
  • тамақ ішер алдында 1-1,5 сағат бұрын темекі шекпеңіз, тамақтанып болған соң, темекі тарпағыз
  • темекі тартуға ниеттенсеңіз, уақыт созып кейінге қалдыруға тырысыңыз
  • шылымға деген ниетіңізді басқаға аударыңыз, мысалы: су немесе шырын ішіңіз, сағыз шайнап жеміс жеңіз
  • темекі қорабын алысқа, қол жетімсіз жерге қойып қойыңыз
  • өзіңізбен бірге сіреңке немесе темекі алып жүрмеңіз
  • шылым тартқанда шылымды ауызда ұстамай, қолыңызға жиі алыңыз
  • темекі демін терең тартып іште ұстауды доғарыңыз
  • темекіні толық шекпей жартылай тартуға дағдыланыңыз
  • қасыңызда 2-3 адам темекі шегісіп тұрса, олардан аулақ тұруға тырысыңыз
  • темекіні қораптап, бума-бумасымен сатып алмаңыз
  • темекі сортын ауыстырып тұрыңыз
  • шылымды тік тұрып шегіңіз
  • қолыңыз бос болмаса шылым тарпаңыз
  • әр нәрсені күту кезінде шылым тарпаңыз
  • көшеде жүргіншілерден темекі сұрамаңыз
  • бөтен адамдардан темекі алмаңыз, беріп тұрса да

Осы қағидаларды орындасаңыз шылымды тастап кетуіңіз ғажап емес. Ережеге мына қағидаларды қоса орындаңыз:

  • Бастапқы этапта өзіңізге жақын 4-5 ережеден бастап соны бұлжытпай орындаңыз.
  • Екінші этапта осы ережеге тағыда біразын қосыңыз
  • Өзіңізге осы ережені күнде-күнде орындауды міндеттеп қойыңыз
  • Ал үшінші этапта сіз темекіні тастап кете алсыз.

Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.

Егер темекіні тастасаңыз: 24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды. 2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі. 3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді. 3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды. 1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды. 10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі. 15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

1821 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз