Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Қаңтар, 2020

МӘМС жүйесінде тіркелген азаматтар үшін қымбат тұратын оталар қолжетімді болмақ

Елімізде  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесінде тіркелмеген қазақстандықтарға 1 сәуірге дейін сақтандыру жүйесінде тіркелуді ескертеді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов  МӘМС пакетіне енген жеңілдіктер туралы кеңінен айтып өтті:

«МӘМС пакетіне мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакетінен басқа медициналық қызметтің – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық ем алу сияқты кең көлемді қызмет түрлері кіреді. Бұдан басқа, сақтандырылған азаматтар үшін түрлі оталар, олардың ішінде қымбат тұратын оталар да қолжетімді болмақ. Бүгінде ондай оталар түрлі себеппен қолжетімсіз – мемлекет есебінен кезек көп, ал өз есебінен төлеуге қаржы жоқ. Осы орайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің пайдасы – бәсекелестік есебінен медициналық қызмет сапасы артатын болады. Науқастар көп келетін білікті дәрігерлерді тарту арқылы пациенттерге ең жақсы қызмет көрсететін клиникаларға қаражат та көп бөлінеді», - деді ол.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанда толықтай енгізілгеннен кейін  денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті медициналық көмектің көлемін 1,5 есеге ұлғайтып, 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орташа медициналық қызметкерлерді 20%-ға дейін арттыру мәселесі де жоспарға еніп отыр.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына, төлем әдістеріне қатысты сұрақтардың жауабын қазақстандықтар 1406 нөміріне хабарласып алуына болады.

1156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз