Иранда болған зілзаланың құрбандары 100 адамға жетті

Иранда болған жер сілкінісінің құрбандарының саны 100 адамға жетті. 7,2 магнитудалық жер сілкінісі жексенбі күні Иран Ислам Республикасынның шекарасында болды. Зілзаладан зардап шеккендер саны 1000 адамнан асты, деп жазады ТАСС агенттігі.

Осы оқиғаға байланысты құрылған дағдарыс орталығының мәліметтерінше, табиғат апатының зардабын әсіресе Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары тартқан. Қираған ғимараттардың көпшілігі Каср-э-Ширин, Илам, Керманшах сияқты тап осы өңірдегі қалаларда тіркелген.

Иран президенті Хасан Роухани зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетуге тырысып жатыр. Жарты ай қоғамының жергілікті өкілдігі апат болған аймақтарда іздеу және құтқару жұмыстарын қолға алды. Мұнда құтқарушылардың қосымша күштері жіберілді. Табиғат апатынан зардап шеккендерді азық-түлікпен, жылы киімдермен және отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы далалық госпитальдар ұйымдастырылды.

Мұнай-газ инфрақұрылымын қоса алғанда стратегиялық нысандарға зақым келмеген. Провинциялардағы әуежайлар әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр. Ауыр жарақат алғандарды Тегеранға жөнелту үшін 20 әскери тікұшақ дайындалған.

Үйлерін тастап шыққан жергілікті тұрғындар жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін деген үреймен көшеде түнеп жүр. Соңғы 3 сағат көлемінде қуаты 3,6-дан 4,7 магнитудаға дейін жететін жерасты дүмпулері 12 рет қайталанған.

ҚазАқпарат агенттігі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *