Екінші сортты ұлт болғым келмейді…

1004

Елде әртүрлі форматта түрлі респбуликалық, аймақтық, салалық тіпті сарапшылардың, журналисттердің, қаламгерлердің жиындардың бәрі орыс тілінде өтіп, оған жиналғандар, шақырылғандар орысша сөйлегендерді тыңдап, орысша идеяларын айтып, орысша пікір алмасып, орысша қортындыланып жатқанын көргенде өзіңді және туған тіліңнің ешкімге керексізін, өз тіліңде сөйлейтін сенің пікіріңе ешкім құлақ аспайтынын, идеяң керемет болса да орысша айтылмаған соң оны ешкім маңыз беріп қабылдамайтынын көргенде бұл — елде тіл мен саған орын жоқ екенін білесің, түсінесің. Өзіңді артық сезінесің. Кеткің келеді. Ал жаңағыдай жиындарға қатысып жүретіндердің былай шығып, ұлт, тіл, қазақ мәселесі туралы «сарабдал» ойлар жазып, қазақ аудиториясына ойнап отырғанын көргенде тіптен безіп кеткің келеді. Өзіңді екінші сортты ұлттың қатарынан екеніңді мойындағың келмесе де жоғарыдағыдай жиындарды ұйымдастырып, өткізіп, «елге, қоғамға қызмет істеп жүргенсымақ» адамдар, ол да сенің ұлтыңнан, сені өзгелердің алдында қор көреді, қазақша сөйлеп қоймаса екен деп қылпылдап тұрады. Өстіп жүріп түбі кетесің.

Өмірржан Әбдіхалықұлының фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *