АСТАНАДА ЕҢ ӨНЕРЛІ СТУДЕНТТЕР ҮШІН КОНКУРС БАСТАЛДЫ

979

2018 жылдың 2-10 қараша аралығында Астанада қаланың 20 – жылдығына орай «Жаңа белес» атты жастарға арналған фестиваль-конкурс өткізіледі. Байқау арнайы орта білім беретін оқу орындары студенттерінің арасында дарынды жастарды анықтап, қолдауға бағытталған. Шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастырды.

Жастар фестиваль-байқауы 6 күн бойы өткізіледі және келесі шараларды қамтиды:

* Бейбит Кушкалиев, Акимхан Маженов, би өнерінен әлем және Еуропа чемпиондары «Бомонд» би ансамбілі және басқа да эстрада жұлдыздарының қатысуымен фестивальдің салтанатты ашылу кеші;

* Арнайы орта білім беру мекемелерінің студенттері арасында бес номинациялық фестиваль-конкурс:

* «Би өнері»

* «Мәнерлеп оқу» (өлең, проза, публицистика)

* «Вокал өнері» (соло және/немесе дуэт)

* «Би өнері»

* «Ең ақылды»

Ашылу салтанатының өтетін күні: 2 қараша, 2018 ж. Сағат 15.00

Өткізілу орны: Бейбітшілік және келісім сарайы (опера залы), Астана қаласы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *