Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Қараша, 2020

COVID-19: Дания билігі қара күзендерді қырып жатыр

 
Дания билігі коронавирустың мутациялана бастағанына алаңдап, елдегі қаркүзендерді қырып жатыр. Олар 17 млн қаракүзенді қырып тастамақ. Дания үкіметінің бұл шешімі туралы осы елдің Премьер-Министрі Метте Фредериксен мәлім етті. Ондағы деректерге қарағанда, коронавирус қаракүзендер арасында мутацияланып, артынан вирус адамдарға жұққан. Данияның Денсаулық сақтау органдарының мәліметтеріне қарағанда, коронавирустың мутацияланған Sars-CoV-2 нұсқасы Солтүстік Ютландияда 12 адамнан анықталған. Оның қауіптілігі сонда, осы уақытта дайындалып жатқан вакцинаның әсерін әлсіретіп, вирустың Данияның өзге аудандарына және бүкіл Еуропаға тарауына ықпал етуі ықтимал. Дания қаракүзен терісін өңдеуші ірі мемлекеттердің бірі. Осы уақытта елде мыңнан астам қаракүзен өсіретін шаруашылықтар бар. Дания билігінің дерегінше, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары 200-ден астам фермада анықталған. Олардың үштен бірінде жануарлар толығымен жойылған. Қаракүзен өндірушілерге өтемақы төленеді. Маусым айында аурудың тарауы шегіне жеткен кезде Нидерланд билігі терісі әдемі аңдардың барлығын жою жөнінде шешім шығарған. Осыған дейін Данияның ветеринарлық қызметінің мамандары қаракүзендерді қыруға кіріскені хабарланған болатын.
                                                       inform.kz



899 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз