Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 02 Желтоқсан, 2020

Асхат Аймағамбетов: Заманға сай мамандарды шығару мәселесі өте өзекті

"Бағдарламаларды өзгертіп, мектепке керекті және заманға сай мамандарды шығару мәселесі өте өзекті", - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

«Педагогтарды дайындау проблемасы өзекті екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Шыны керек, әлі де көңіліміз толмайды. «Мектептер университеттерге қарағанда бағдарламаларын өзгертіп, университеттер соған үлгермей жатыр» деп, біздің мектептеріміз, білім басқармаларының өздері айтып отыр. Онымен келісуге немесе келіспеуге болады. Бірақ проблема бар екені анық. Оны министрлікке қарап отырмай, университеттердің өздері реттеуі тиіс. Дербестік керек деді – берілді. Бағдарламаларды өзгертуге болады. Бірақ сол дербестікті қажетті деңгейде қолданып, бағдарламаларды өзгертіп, мектепке керекті және заманға сай мамандарды шығару мәселесі өте өзекті», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Сонымен қатар, министр оқу әдістемелік бірлестіктердің ұсыныстарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

"Жалпы білім бағдарламаларын жаңартып, жүйелі түрде өзгерістерді енгізу керек. Біріншіден осы жұмысты жалғастыруды тапсырамын. Екіншіден, күні кеше ғана мен әріптестерімізбен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, қарапайым оқытушылармен педагогикалық білімді дамыту бойынша кездестім. Сонда біз емін-еркін екі сағаттай осы мәселелерді талқыладық. Сонда да осы мәселелер көтерілді. Қажет болса оқу әдістемелік бірлестіктің әртүрлі бағыттары бойынша үйлестіру құқығын мүмкін басқа университеттерге де беретіндей қарастырып, тиісті ұсыныстарды енгізіңіздер", - деп түйді Асхат Аймағамбетов.

142 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз