Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 10 Желтоқсан, 2020

«Алтын доп» иегері Паоло Росси өмірден өтті

Италияның бұрынғы шабуылшысы, әлем чемпионы және 1982 жылғы «Алтын доп» иегері Паоло Росси 65 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Gazzetta dello Sport хабарлайды.

Басылым мәліметінше, аяқдоп шеберінің өліміне өкпенің қатерлі ісігі себеп. 1982 жылы Росси Италия құрамасының сапында әлем чемпионы атағын иеленіп, турнир сұрмергені атанған болатын. Топтық кезеңде ол Бразилия қақпасына хет-трик (3:2) жасаса, финалда ГФР (3:1) қақпашысының осал тұсын тапты.

Дәл сол жылы Россиге «Алтын доп» беріліп, әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды. Ал World Soccer оны ХХ ғасырдың ұлы футболшыларының қатарына қосқан.

Италия сапында Росси 48 матч өткізіп, 20 гол соққан. Ал клубтардан «Ювентус», «Комо», «Виченца», «Перуджа», «Милан» және «Веронада» ойнаған. Росси «Ювентуспен» бірге екі рет ел біріншілігінде топ жарса, бұдан бөлек Кубоктар кубогы мен Еуропа чемпиондарының кубогына қол жеткізген.

791 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз