Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 03 Маусым, 2021

Негізгі импорттық тауарымыз – автомобиль

Елімізде соңғы бір жылда импорттың көлемі құндық мәні тұрғысынан 77,5%-ға және нақты мәнінде 83%-ға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2021 жылдың наурызында қазақстандық импорт 3 млрд 452,9 млн долларды құраған. Өткен аймен салыстырғандағы көрсеткіш 30,5%-ға (800 млн АҚШ долларынан астам – $) артқан. Ал, 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда өсім одан да қомақтырақ – 41,6%-ға (1 млрд доллардан астам) өскен.

Жалпы алғанда, алғашқы тоқ­санның қорытындылары бойынша импорттың жалпы көлемі 8,5 миллиард доллардан асып түскен – республикамызға сырттан әкелінген нақты осыншама тауарларға ақша төленіпті. Бір жыл бұрын, 2020 жылдың қаңтар-наурызында, мұндай көр­сеткіш 7,1 миллиардтан азырақ көлемді құраған екен. Басқаша айтқанда, республикамызда импорт айтарлықтай ұлғая түсіпті.

НЕГІЗГІ АВТОКӨЛІК ЖЕТКІЗУШІ – РЕСЕЙ 

Наурызда негізінен импорт­таған тауарларымыз жеңіл автомобильдер болып отыр. Ай қо­ры­тындысы бойынша Қазақ­станға жалпы құны 144,7 млн доллар құраған 8 338 бірлік жеткізілген екен. Салыстырар болсақ, 2020 жылдың наурызында – 94,7 млн долларға 5 771 автомобиль бірлігі әкелінген. Оның үстіне өткен айда импорттың көлемі, жоқ дегенде 2019 жылдың басынан бергі, максималды деңгейге жеткен. 
Наурызда қазақстандық на­рық­қа автомобильдерді негі­зінен үш ел жеткізіпті: 
• Өзбекстан – 40 млн долларға 4 224 авто; 
• Ресей – 44,7 млн долларға 2 117 авто; 
• Жапония – 37,1 млн долларға 1 022 авто. 
Жалпы, жеңіл автомобильдер бүкіл тоқсан көрсеткіштері бойынша негізгі импортталған тауар болып табылған. Үш айдың көрсеткіштері 17 944 автомобиль (+83%) және 313,6 млн долларды (+77,5%) құраған (2-инфографика).

ТЕЛЕФОНДАР КӨБІРЕК ТЕ,МОНИТОРЛАР АЗЫРАҚ 

Айта кету керек, ақпанмен са­лыс­тырғанда жеңіл автомо­биль­дердің импорты 50 млн долларға өскен, ал бұл – барлық тауарлар арасындағы максималды көрсеткіш. Басқа да кейбір жайғасымдар бойынша айтарлықтай өсім орын алған. 
Мәселен, Қазақстанға әкелін­ген телефондар мен коммуни­кациялық жабдықтар жалпы сомасы 105,6 млн долларды құрап, 44,9 млн долларға артқан. Ауа тартатын сорғылар импорты тіпті төрт есеге жуық – 16,8 миллионнан 59,5 млн долларға дейін өскен. 
Сонымен қатар республи­ка­мызға түрлі мониторлар мен проекторлар жеткізу көлемі қыс­қарып кеткен. Бізге әкелінген жаб­дықтардың жалпы көлемі 48,8 миллионнан 18,4 млн долларға дейін қысқарған. Бұлардан өзге, ақпанда 14,8 млн АҚШ доллары жұмсалған, мазутты тіпті сатып алу тоқтатылыпты да (3-инфографика).

Иса ҚАМБАР

1304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *