Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 21 Қыркүйек, 2021

Екібастұздықтардың 65 пайызы отын-энергетика саласында еңбек етеді

Екібастұздықтардың 65 пайызы отын-энергетика саласында еңбек етеді. Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарында бұл мәселе де көрініс тауып отыр.

«Екібастұз – еліміздің ең ірі үш моноқаланың бірі. Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің өсуіне қарамастан, қаланың отын-энергетика кешеніне тәуелді болуы әлі де жоғары. Екібастұз экономикасының 65%-ы және жұмыс істейтін халықтың жартысы осы салада шоғырланған», - деді Палодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында.

Аймақ басшысы моноқаланың негізгі проблемаларын да атады. Олар: - экология; - ескірген әлеуметтік инфрақұрылым; - тозған инженерлік желілер; - қаладанадамдардың көшуі.

«Аталған мәселелерді шешу үшін ауқымды сараптамалық және қоғамдық талқылаудың қорытындысы бойынша 114 іс-шарадан тұратын қаланы дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Іс-шараларды іске асыру 932,8 млрд. теңгеге бағаланады. Жеке инвестициялардың үлесі – 89,5%, яғни бюджеттік 1 теңгеге 9 теңге жеке инвестициялар тартылады», - деді Әбілқайыр Сқақов.

963 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз