Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Қазан, 2021

Шахматтан өткен әлем біріншілігінде Қазақстан екі қола медаль еншіледі

Испанияда әйелдер арасындағы шахматтан өткен әлем біріншілігі өз мәресіне жетті.

"Алтын" үшін таласқан шешуші матчта әлемнің екі үздік командасы бақ сынады: Ресей мен Үндістан. Айта кетсек, Үндістан спортшылары ширек финалда қазақстандық төрттікті, жартылай финалда Грузияны ұтты. Бірақ финалда үнді қыздары әлемнің қазіргі чемпиондары - Ресей шахматшыларын жеңе алмады.

Ресей шахматшылары теңдесіз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Соңғы кездесу ресейлік шахматшылардың пайдасына шешілді: 2,5: 1,5 және 3: 1.

Әлемдік біріншілікте командалық жарыстардан бөлек алғашқы үш тақта нәтижесі де ескерілді. Мұнда қазақстандық шахматшылар екі жүлдеге ие болды. Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова қола жүлдегер атанса, Жансая Әбдімәлік IV-орынға табан тіреді.

683 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз