Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Қазан, 2021

40-шы халықаралық Бейжің марафоны өтпейтін болды

Екінші жыл қатарынан мерейтойлық, 40-шы халықаралық Бейжің марафоны Қытай Халық Республикасы астанасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінге қалды. Бұл туралы спорт шарасын ұйымдастыру комитетінің хабарламасында айтылады.

Хабарламада коронавирустың кластерлік өршуіне байланысты, сондай-ақ эпидемияның таралу қаупінің алдын алу, жүгірушілер, қызметкерлер және жұртшылықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 31 қазанда өткізілуі тиіс болған Бейжің марафоны кейінге қалғаны айтылған. Жүгірудің жаңа датасы қосымша жарияланады.

Еске сала кетсек, 40-шы халықаралық Бейжің марафоны 2020 жылы өтуі тиіс болған, алайда коронавирус пандемиясына байланысты кейінге ауыстырылған.

Биылғы 1 қазанда Қытайдағы абыройлы спорт жарысына қатысушылардың ресми тіркелуі басталды. Бейжің марафонына 30 мыңға жуық спортшы қатысуға ниетті болған.

519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз