Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Желтоқсан, 2021

Президент Тəуелсіздікті нығайтудағы Елбасының рөлін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Тәуелсіздікті нығайтудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихы рөлін атады.

«Біз мемлекетіміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуге дайындалып жатырмыз. Осы күндері біз ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін құрудағы, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудағы тарихи рөлін атап өтудеміз. Сонымен қатар біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Еуразиялық экономикалық одақты құру бастамасын көтерген тарихи фактісін де еске салғанымыз жөн. Осының арқасында біз бүгін кезекті отырысымызды өткізіп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Мемлекет басшысы отырыс барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін айтылған құттықтауларға алғысын жеткізді.

«Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтаулар мен ресми жеделхаттар түсіп жатыр. Менің ойымша, бұрынғыдай бірлесе жұмыс істей отырып, біз халықтардың игілігіне қызмет етеміз», - деді ҚР Президенті.

 

757 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз