Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Желтоқсан, 2021

Кəсіпқой бокс кеші: Рингке 14 қазақстандық шығады

Бүгін елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.

Жалпы, кеш аясында Қазақстанның 14 (13 жұп) боксшысының өнерін тамашалауға болады.

Атап айтқанда, ел кәсіпқой боксының тарихында араға 20 жыл салып алғаш рет 55,3 келі салмақ дәрежесі бойынша, Ержан Залилов пен Ескендір Харсан Қазақстан чемпионы атағына KFPB титулы үшін таласқа түседі.

Сонымен, бокс кешінде Қазақстан спортшыларының қарсыластары мыналар:

1. Иван Дычко (Қазақстан) – Александр Устинов (Ресей)

2. Елхан Табынбаев (Қазақстан) – Эльмар Абдуллаев (Әзербайжан)

3. Ақниет Әлімбай (Қазақстан) – Зайнобиддин Собиров (Өзбекстан) 4. Айдар Әмірзақов (Қазақстан) – Дильшодбек Исроилов (Өзбекстан)

5. Асқат Жантұрсынов (Қазақстан) – Сурат Гараев (Әзербайжан)

6. Сапарбай Айдаров (Қазақстан) – Андрей Шеметов (Украина)

7. Айдар Шәрібаев (Қазақстан) – Шохрух Абдиев (Ресей)

8. Дәулет Дәукенов (Қазақстан) – Эльдорбек Сайдов (Өзбекстан)

9. Ангелина Лукас (Қазақстан) – Светлана Василевская (Украина)

10. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) – Али Маммадов (Әзербайжан)

11. Жанқош Тұраров (Қазақстан) – Абдумонем Саид (Мысыр)

12. Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Хуан Эрнан Леал (Аргентина)

Бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.


 

505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз