Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші басталды

Бүгін елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған кәсіпқой бокс кеші басталды. Қазақстан боксшылары бұл доданы жеңіспен бастады.

Айта кетейік, кеш аясында Қазақстанның 14 (13 жұп) боксшысының өнерін тамашалауға болады.

Ел кәсіпқой боксының тарихында араға 20 жыл салып алғаш рет 55,3 келі салмақ дәрежесі бойынша Ержан Залилов пен Ескендір Харсан Қазақстан чемпионы атағына KFPB титулы үшін таласқа түседі.

Атап айтқанда, бүгін 21 жастағы Елхан Табынбаев Әзербайжаннан келген Эльмар Абдуллаевпен қолғап түйістіріп, төрт раундқа созылған жекпе-жекте Е. Табынбаев басым түсті.

Кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.

809 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз