Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Желтоқсан, 2021

Отандық спортшылар Бейжің Олимпиадасына 60 лицензия жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына 60 лицензия ұтып алды.

Мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, спортшылар жеті спорт түрінен жолдамалар алды.

Соңғы лицензиялық жарыс 2022 жылы қаңтарда өтеді, ал квота мен лицензияны бөлу 2022 жылдың 16 қаңтарында аяқталады. Осыдан кейін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ҚР делегациясы жасақталады, – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді.

 

439 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз