Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Желтоқсан, 2021

"Фенербахче" бас бапкерсіз қалды

Түркияның бірнеше дүркін чемпионы "Фенербахче" клубының бас бапкері Витор Перейра қызметінен кетті.

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеп отыр.

53 жастағы португалиялық маман стамбулдық ұжымның тізгінін биылғы жылдың жаз айында ұстаған болатын. Келісім-шарт бойынша Перейра 2023 жылға дейін жұмыс істеуі тиіс еді.

Алайда ішкі чемпионат пен еурокубок матчтарында төмен нәтиже тіркегендіктен, клуб басшылығы пиренейлік жаттықтырушыны қызметінен босатып отыр.

Еске салайық, "сары шымшықтар" 17 турдан кейін 28 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға жайғасқан. Көш бастап тұрған "Трабзонспор" мен "Фенербахченің" арасын 14 ұпай бөліп тұр. Сонымен қатар, Еуропа Лигасының D тобында "Айнтрахт", "Олимпиакос" және "Антверпен" командаларымен кездесіп, 6 ұпаймен үшінші орын алып қалды. Нәтижесінде "Фенербахче" ойыншылары турнирді Конференция Лигасында жалғастырады.

570 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз