Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Қаңтар, 2022

Әлихан Смайылов Түркия Вице-Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркия Республикасының Вице-Президенті Ф. Октай Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Ф. Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен арақатынасты нығайтуды жалғастырады», — деді Ә. Смайылов.

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $3,74 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі. ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 млрд инвестиция салды, ҚР-ның ТР-ға салған инвестиция көлемі $1,1 млрд құрады.

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

756 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз