Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 31 Мамыр, 2022

Цифрлық аутизм заманауи проблема ма?

                «Жүйелі ойлау цивилизациясынан адам баласы  не жүйелі, не аналитикалық ойлауы жоқ, тек көру мен есту образына негізделген цифрлық цивилизацияға өтіп жатыр»

Андрей Курпатов, психотерапевт

Гутенберг галактикасынан Цукерберг галактикасына өтіп кеттік. Адамзат тарихында XVI ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоган Гутенберг алғашқы рет баспа машинасын ойлап тапты. Бұл сол замандағы ақпарат тарату кеңістігінде болған төңкеріс еді. Адам санасы өзгерді. Ауыздан ауызға тарайтын ақпарат ендігі жерде арнайы жарлық қағазы не хат емес автоматтандырылған баспа табағынан шығатын кітап-кітапшалар, алғашқы газет-журналдар шыға бастады. Сол кезде де адам баласына толассыз ақпарат ағыны белгілі бір дәрежеде санасына соққы жасады. Бұл адамдарды азғын етеді, бұзады деген консервативтік пікір сол кезде де болды. Бірақ бұл төңкеріс адам баласын алға жетелеп, дамуына жол ашты. Одан кейінгі үлкен төңкеріс интернет жүйесімен келген әлеуметтік желілік төңкеріс. Ол XXI ғасырдың басында Марк Цукербергтің «Facebook» әлеуметтік желісін жасаумен келді. Бұл адамзат баласының ақпарат алудағы жаңаша төңкеріс болды. Шексіз, цензурасыз ақпарат кеңістігі құрылды. Адам баласына шексіз еркіндік әкелді. Гутенбергтің баспа машинасы Ұлы Француз революциясын екі ғасырға жеделдетсе, Цукербергтің әлеуметтік желісі бүгінде түрлі-түсті революцияға жол ашты. Адам баласы өз құқықтары мен еркіндігіне жол ашты. Дамудың жаңа жолы, бағыты ашылды. Дегенмен шексіз еркіндік те адам үшін қауіпті болып шықты. Адам жаңа технологиямен өмірін жақсартып, дамығаны соншалық санасы мен психологиясы деградацияға ұшырап, жаңа ауру түрлеріне шалдыға бастады. Оларға депрессия, суицид, экзистенциалды вакум, террорризм және заманауи проблема,  психикалық ауытқу – цифрлық аутизм келді.

Бүгінде контенті қабылдау үшін басыңыз (миыңыз) қажет болмай қалды. Сіз әрдайым контентті  тұтына берсеңіз, мидың ойлауға жауап беретін бөлігіне энергия бармай қалады. Сіздің миыңыз ұйқыға кетеді. Сондықтан твииттер мен инстаграмда ғана отыратын адамдар шаблондармен, стереотиптермен ойлайтынына және дамымайтынына таң қалмауға болады.  Бұл жерде әрине ересектер туралы айтып отырмыз. Ал енді балалар мен жеткіншектер ше?!  АҚШ пен Ресейдегі және Қазақстандағы балалардың 40 % ақпаратты үздіксіз қабылдай береді. «Касперский Лабораториясына» сенсек, бұл бағытта еуропаның ата-аналары салыстырмалы түрде саналы деуге болады. Бірақ балалардың жасы 14-18 қарай  жағдай әлемнің барлық елдерінде бірдей. Яғни әлемнің жасөспірімдері уақытының 60-70% онлайн өткізеді. Бұл дегеніміз олардың  ойлау қабілеті қалыптаспайды немесе ұйқыға кеткен деген сөз. Ал бұл олардың өсе келе өмір сүру қабілетінің мүлде болмай не ауруға не өлімге әкелетінін білуіміз керек. Бұл үлкен мән беретін дүние. Біз мұны ескермесек зардабын тартуымыз анық.

Әлем тек қана байлар мен кедейлерге бөлінбейді, сонымен бірге  ақылдылар (есті, жетелі)  мен зердесіздер бар. Оған қоса әлеуметтік қарым-қатынастың құрылымында да өзгерістер болып жатқанын бақылауға болады. Басқарудың вертикалды бір ғана ақпарттық құрылымдық жүйесінің жойылып, горизонталды жан-жақты ақпараттық ашықтық қоғамға өту биологиялық  ойлау және елестетіп оқу дағдыларын жоғалтып, дайын контентті еш ойсыз, елестетусіз мазмұнын түсінбейтін, оқу емес көрілетін визуалды оқу жүйесіне алып келді.  

Адамның ең негізгі проблемасы –  танымдық дағдыларының  жойыла бастауы.  2007 жылдың өзінде ғалымдар  медитация мен саналылық әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтқан болатын. Интеллект - бұл шешім, ал адамдар оны өзіне қарсы пайдаланады. Ми - планетадағы ең күрделі машина. Бірақ адамдардың көпшілігі оны пайдаланбайды.  Қандай әлемде болмасын, цифрлық болсын не бетпе-бет болсын санаңыз бен ойлау және талдау қабілетіңіз болған кезде ғана сіз әрдайым жақсы боласыз. Ал егер олай болмаса, сіз зардап шегесіз.

Қазір – адамзаттың өмір сүруі тұрғысынан өркениет тарихындағы ең жақсы сәт. Көптеген адамдар бүгінде өркениеттің игілігіне қол жеткізіп отыр. Бірақ олар бәрібір бақытсыз. Өйткені олар сананың негізгі тетіктерін қалай басқару керектігін анықтай алмады. Цифрлық жүйелер біздің өмірімізді жақсартқанымен, психологиямызға өте ауыр зардап әкелуде. Бұл дегеніміз өмірді жеңілдете отырып, қиындату. Ал оның шешімі тек қана адамның ішкі шыдамы, рухы, тәрбиесі, иманы мен өмірден жиған тәжірибесі ғана болмақ. Цифрлық аутизм – заманауи үлкен мәселе. Ал оны шешу үшін жаңалық ашудың керегі жоқ. Тек адам санасымен ойланып, өз-өзінен есеп алып, ішкі жан-дүниесімен сырлас болуы керек. Өзін де,өзгені де жақсы көріп, күллі жаратылысқа саналы танымдық көзқараспен қарап тамсана білсе болғаны.

P/s: Практикалық материал

 

 

3354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *