Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Референдум-2022
  • 01 Маусым, 2022

Қазақстандағы маусым референдумы: ішкі және сыртқы көзқарастар - ҚР СІМ

Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ұйымдастырған Қазақстандағы саяси және әлеуметтік реформалар бағдарламасын түсіндіру мақсатында сараптамалық талқылаулар сериясының жалғасы ретінде  60 қазақстандық және неміс саяси және қоғамдық орталарының өкілдері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарттың қатысуымен онлайн дөңгелек үстел өтті. Жиын  «Қазақстандағы маусым референдумы: ішкі және сыртқы көзқарастар» тақырыбына арналды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар арасында ҚР Конституциясына ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар, еліміздің саяси және әлеуметтік тұрақтылығына қатысты күтілетін салдар мен Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамыту перспективалары туралы ашық диалог орын алды.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов өзінің алғы сөзінде Конституцияға түзетулер пакетіне кіретін негізгі саяси институттардың, атап айтқанда, сайлауды аралас пропорционалдық және мажоритарлық негізде өткізу, мемлекеттік билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару мәдениетін кезең-кезеңімен әзірлеу сияқты құрылымдық өзгерістерді атап өтті. 

Өз кезегінде Ф. Фробарт дөңгелек үстел қатысушыларына Қазақстандағы реформалар процесін қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар кеңсесінің мандаты туралы айтып, плебисцитті бақылау үшін ҚР СІМ-нің шақыруы бойынша елімізге жақында келген Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Референдумды бағалау жөніндегі миссиясының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. Конституциялық сотқа тікелей жүгіну құқығын енгізу сияқты ұсынылған институционалдық жаңалықтарды атай отырып, «Біздің ЕҚЫҰ-ның Бағдарлама кеңсеміз Қазақстандағы реформалардың күн тәртібін оң бағалап, оларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуде», – деп мәлімдеді спикер.

Шақырылған спикерлер – қоғам қайраткері, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ вице-президенті Мұрат Әбеновтің, Фридрих Эберт атындағы қорының Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Кристоф Мордың, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтің және Германияның Шығыс Еуропа және халықаралық зерттеулер орталығының сарапшысы Беата Эшменттің қатысуымен өткен панельдік пікірталас негізгі жаһандық саяси және экономикалық үрдістер ауқымында реформалардың күн тәртібі мен алдағы референдумды тереңдетіп талдауға бағытталды.

Сонымен қатар, К. Мор референдум ерекше геосаяси жағдайда өтетін «шынайы демократия жолындағы маңызды қадам» екенін айтты. Оның айтуынша, «реформаларды жүзеге асыру күрделі сын-қатер болып саналатынына қарамастан, бұл Қазақстан еңсере алмайтын кедергі болып табылмайды». Б.Эшмент өзінің ескертулерінде ҚР саяси және қоғамдық топтарына Қазақстанның болашағына алаңдайтын әйелдер мен әсіресе жастардың мүдделеріне қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелеріне тиісті назар аударуды ұсынды.

Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысушылар тұрақты және гүлденген «Жаңа Қазақстанның» құрылуына табыс тілеп, аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

458 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз