Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 15 Тамыз, 2022

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,7% құрады

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 102,7% құрады, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді. Айтарлықтай өсім ­Абай облысында (8,7%), Шымкент қаласында (8,4%) және Шығыс Қазақстан  облысында (8%) байқалды. Төмендеу Жетісу (6,4%-ға), Павлодар (3,8%-ға), Қызылорда (3,5%-ға) және Қостанай (1,7%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 28 085 млрд теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 14 957 млрд теңге (жалпы көлемнен 53,2%), өңдеу өнеркәсібінде – 11 597 млрд теңге (41,3%).

2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда шикі мұнай (100,3%), табиғи газ өндіру (102,2%), сусындар (109,1%), темекі өнімдері (116,7%), химия (110,6%) және металлургия өнеркәсібі (105,3%), резеңке және пластмасса бұйымдары (105,3%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары (103%) өндірісінің өсуі байқалды.

 

1702 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз