Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 18 Қыркүйек, 2022

19 қыркүйек - Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Қырғызстанда 19 қыркүйек қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы қақтығыстар кезінде азаматтардың қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қол қойған Жарлыққа сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелер ғимараттарында республиканың мемлекеттік туы төмен түсіріліп, ойын-сауық мерекелері өткізілмейді, көңіл көтеретін теле-радиобағдарламалар көрсетілмейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Самарқандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай бойынша келіссөздер жүргізді.

704 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз