Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қыркүйек, 2022

....Қарттарым, аман-сау жүршi!

1 қазан – Қарттар күні

    1 қазан – Қарттар күні. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Қарттар күні – өздерінің саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен еркін де егеменді елімізді танып білуге жол ашқан алдыңғы буын  аға-апаларымыздың төл мерекесі күні деп білеміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

    Осы мереке күні Приозерск гарнизонындағы орналасқан 44841 әкери бөліміне бекітілген қалада тұратын Нуралиева Нұрсұлу әсжемізді жеке құрам тұрақты жеріндегі үйіне барып, құттықтап қайтты. Аталған арнайы жеке құрамды 44841 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі  бастап барды.

    Топ құрамындағы «Әйелдер кеңесі» үлкендерге құрмет көрсетіп, оларға 44841 әкери бөлімінің арнайы дайындаған  бағалы сыйлықтар мен азық-түлік толған сөмкелерін табыс етсе, 44841 әкери бөлімінің әйелдер кеңесінің орынбасары Оспанова Асия Жоламновна бөлім командірінің құттықтау хатын жеткізді. Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Умитали Бектаев 1 қазан – Қарттар күніне арналған құттықтау хатында былай делінген:

    «Сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер көненің көздерісіздер, әрбір үйдің қазынасысыздар. Қазіргі кезде, әсіресе жастардың бастамасымен қатар, ақсақалдардың өмірлік даналығы қажет болған шақта Сіздердің ақылдарыңыз және бай тәжірибелеріңіз – өте маңызды.

    Сіздер – адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлердің сақтаушысысыздар, балалар мен немерелер үшін тірек және адал қамқоршысысыздар. Қаламыздың көркеюі мен дамуына зор үлес қосқан аға буын өкілдеріне шын көңілден шексіз ризашылығымды білдіремін!

    Қарттық шақ Сіздерге тек қуаныш алып келсін! Зор денсаулық, ұзақ өмір, рух сергектігін, бақытты өмір, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен ықыласын тілеймін!».

    Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Жасы үлкенге құрмет ету және қарттың еңкейген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Қашанда жастарға жол көрсететін – осы аға буын өкілдері.

    Ендеше, қарттарым аман-сау жүрсінші дейміз!

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

лейтенант Думан Жумаш

690 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз