Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қараша, 2022

Өркениет ойшылы: Əбу Насыр əл-Фараби

Қазақ білімімен ғылымының қарашаңырағы  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия жəне саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен  Бүкілəлемдік философия күнінде ЖОО студенттері арасында «Өркениет ойшылы: Əбу Насыр əл-Фараби» атты Республикалық шығармашылық конкурсы болып өтті.

Дархандықпен данышпандықтың көкжиегіндей бола білген кең жазиралы даламыздың топжарған төл перзенті Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің ғұмырымен мол мұраларының жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық байқаудың мынадай мақсаттарымен бірнеше міндеттері қойылған болатын: Ортағасырдағы түркі-қазақ даласындағы ойшылдардың өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныстыру;  Түркі ғұламаларының тұлғалық болмысын көз алдымызға аудио-визуалды түрде елестету арқылы олардың өзіндік табиғатын тереңірек түсінуге мотивация жасау;  IX-XII ғасырлардағы ойшылдар жəне Əл-Фарабидің өмір сүрген ортасы, қоғамдық жағдай жəне оның келбетін (мүсініне қарап) елестету арқылы феноменіне ену.

Дүниежүзілік ойшылдар мерекесінде ұйымдастырылған республикалық байқаудың жоғарыда келтірілген талап міндеттері шара барысында толығымен орындалғанына қазылар алқасының пікірлерін негізге ала аламыз. Сонымен қоса іс-шара барысында төмендегідей тақырыптарда қатысушы топтар тарапынан сахналық қойылымдар қойылды. Олар: Отырар ойшылдары, сопылықтың саңлағы, Шамға сапар шеккенде, шындық тапқан шаһарлар, шен алып шекпен киген шəкірттер, ғылым мен ғалымның қоштасуы, шығыс пен батыс арасындағы дəнекер қойылымдары.  

Республикалық бұл  байқауда ЖОО-ның ең үздік, талантты, өнерпаз жастарымыз әл-Фарабидің әр бір кезеңін  жақсы сомдап және кітап желісімен ғана емес өз идеяларын қосып , өздерін актерлік тұстарынанда  көрсете білді.

Байқаудың әділ қазылары өз бағаларын беріп келесі топтарға 1,2,3 дәрежелі орын беріліп және номинациялармен марапатталды. Ұлы ұстаз туралы жазылған ғалымдардың ғылыми монграфиялары сыйлық ретінде қатысушыларға табысталды. Сонымен бірінші дәрежелі диплом- Алаш тобы, екінші дәрежелі диплом-Болашақ тобы, үшінші дәрежелі дипломды-Арман тобы иеленді.    

Бүкіләлемдік дәрежеде тойланатын осынау философия күнінде бұданда өзге әдеби, ғылыми шаралар қоса ұйымдастырылып, білім алушы жауқазын буынға философия ғылымының жан-жақтылығы туралы көптеп насихатталды.

Ж.Н. Қазиева,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Философия кафедрасының оқытушысы

366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз