Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қараша, 2022

Заңды білу – заман талабы

Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап  30  жыл өтті. Ортақ тарихи тағдыр біріктірген қазақ халқы, ежелгі қазақ жерінде мемлекет құрды. 1995 жылы 30-тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының негізгі заңы – конституциясын қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленіп, егеменді еліміздің даму болашағын айқындайтын қағидалар қарастырылған. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мен де Қазақстан Республикасының  азаматы ретінде ,болашақ заңгер ретінде барып өз дауысымды бердім . Елімізде адам құқықтарының бұзылатыны да қарапайым халықтың өз құқықтарын білмеуінен туындайды.

Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.

Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда.

Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін.

Құқықтық білімнің керек емес жері жоқ. Қайда барсаң да алдыңнан құқық саласына қатысты мәселе көлденең шығады.

Бар болғаны өз еліміздің заңдарын күнделікті оқып біліп жүру. Әр үйде, әркімнің қызмет орнында «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деген кітап міндетті түрде болу керек деген ойдамын. Өзіме кішкентай кезден осы заң ,саясат деген ұғымдар  өте қатты қызық болды.Сол қызығушылығымның арқасында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетіне түстім. Мен дәл осы университетті таңдағаныма еш өкінбеймін. Себебі біздің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беру деңгейі өте жоғары дәрежеде.Профессорлық-оқытушылық құрам сабақты өте қызықты және де түсінікті етіп түсіндіреді.Осы университетті бітірген заң саласында жұмыс істеп жүрген түлектер келіп өздерінің практикада көрген білгендерімен бөлісіп өз ақыл кеңестерін айтады. Менде болашақта осы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітіріп заң саласына жұмысқа тұрып , Жаңа Қазақстанның құрылуына ат салысамын.

 Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

 Имирова Дильбахар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің студент

935 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз