Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 01 Желтоқсан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь мырзаның өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

– Цзянь Цзэминьді Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті ретінде жақсы білеміз. Екі ел арасындағы берік достықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан тұлға ретінде оның жарқын бейнесін халықтарымыз жадында мəңгі сақтайды, – деп жазылған жеделхатта.

Президент жеделхатта Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Қытай халқына көңіл айтты.

 

t.me/bort_01

161 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *