Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Мамыр, 2023

31 мамырға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 31 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың солтүстігі мен оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ашық күн райы қалыптасады. Барлық өңірде екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрса, солтүстікте тұман болжанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және батысында қатты ыстық болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өрттің жоғары қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысы мен орталығында, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігі мен шығысында өрттің төтенше жоғары қаупі сақталады.

Фото: Досжан Балабекұлы

180 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз