Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 09 Маусым, 2023

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері қанша?

Кәсіпорындар тапсырған есепке сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақы 310 мың теңгені құрады,деп хабарлайды kazgazeta.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 
Бюро мәліметінше, І тоқсан – 285 мың тг, ІІ тоқсан – 312 мың теңге, ІІІ тоқсан – 300 мың тг, ІV тоқсан – 339 мың тг. құрағағэн. 2021 жылмен салыстырғанда орташа жалақы мөлшері атаулы мәнде 23,8%-ға, нақты мәнде 7,6%-ға өсті.

2021 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең көп өсімі құрылыс – 38,6%, көлік және қойма – 32,4%, тұру және тамақтандыру қызметтерін көрсету – 32,2% салаларында байқалды. Өсімнің ең азы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 9,8%, бұл 2021 жылы ковид бойынша қосымша төлемдердің беруліумен байланысты.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы ірілендірілген 9 топ бойынша жалақы мөлшерін есептеп, жариялайды:

- Басшылар;

- Кәсіби мамандар;

- Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал;

- Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер;

- Қызмет көрсету және сауда саласындағы қызметшілер;

- Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары;

- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары;

- Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері;

- Біліктілігі жоқ жұмысшылар.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ірілендірілген топтар арасында орташа жалақының ең көп мөлшері басшыларда, ең азы біліктілігі жоқ жұмысшыларда болған. Мәселен, басшылардың орташа жалақысы (534 мың теңге) біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысынан 4,1 есе (129 мың теңге) асып түскен. Қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы басшылық құрам мен біліктілігі жоқ персонал арасындағы еңбекақының айырмасы 7,2 есе, тиісінше 1 149 мың және 159 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, осы екі қызмет тобы арасындағы еңбекақы жоғары айырмашылық кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 6,3 есе, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет бойынша – 5,3 есе байқалды.

 

2022 жылғы ірілендірілген кәсіп топтары бойынша статистикалық жарияланымымен Stat.gov.kz сайтының Жалақы және еңбек жағдайы бөлімінде танысуға болады.

Орташа жалақының жоғарыда аталған сипаттамалардың алуандығын ескере отырып, Ұлттық статистика бюросы орташа айлық жалақыдан басқа, медианалық және модальды жалақы мөлшерін есептейді.

Медиана жалақысы барлық есептелген жалақы мөлшерілері тізбегінің дәл ортасы боп есептеледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша медиана жалақысы 204 мың теңгені құрады, яғни жұмысшылардың жартысы осы сомадан аз, екінші бөлігі одан көп алған.

Модальды жалақы – ең жиі кездесетін жалақы мөлшері, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша оның мөлшері 68 мың теңгені құрады.

Барлық еңбекақы мөлшері міндетті алымдарды қоса отырып көрсетілгенін ескертеміз.

1108 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз