Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 27 Маусым, 2023

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша? - статистика

Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы I тоқсанда 4,8% құрады. Бұл туралы kazgazeta.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды. 

2023 жылғы I тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (8,1%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (1,9%) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылғы I тоқсанының қорытындысы бойынша 8,5%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Айта кетсек, кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан  төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.ҚР бойынша 2023 жылғы тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45948 теңгені құрады.

855 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз