Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 11 Қаңтар, 2024

Қаңтарда қандай спорт түрлерінен Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынады

2024 жылғы Париж Олимпиадасына қазақстандықтардың қатысуымен өтетін қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны белгілі болды.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бүгінде Индонезия астанасы Джакарта қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық дода 18 қаңтарға дейін созылады.

Ал 12-22 қаңтар аралығында Кувейттің Эль-Кувейт қаласында стенд атудан Азия чемпионатында алдағы Жазғы Олимпиадаға жолдама беріледі.

Сондай-ақ 20 қаңтарда WA нормативі бойынша спорттық жүруден Түркияның ашық чемпионаты жалауын көтерсе, 27 қаңтарда Астана қаласында Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған әлемдік турнир болады.

Португалияның Одивалос қаласында 26-28 қаңтар аралығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында рейтингтік ұпай берілетін «Grand Prix Portugal» турнирі өтеді.

Семсерлесу шеберлері 12-24 қаңтар аралығында Тунисте қылыштасудан бәсекеге түссе, 29-31 қаңтар аралығында Катар астанасы Доха қаласында семсерлесуден гран-при өтеді.

Фото: ашық дереккөз

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз