Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 12 Қаңтар, 2024

Қазақстандық биатлоншылар эстафетаны 13-орынмен аяқтады

Биатлоннан Германияның Рупольдинг аймағында өткен әлем кубогы кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді.

7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты. Қазақстанның ерлер құрамасы норвегиялықтардан +3:44.7 минутқа қалып қойды.

Айта кетелік, әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орында келеді.

Фото: olympic.kz

586 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз