Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 04 Ақпан, 2024

Түркияның оңтүстігінде полиция тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты

Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясында полиция тікұшағы апатқа ұшырады: екі ұшқыш қаза тауып, бір техник жараланды. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады. 

 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның айтуынша, Нұрдағы ауданы Картал Кою қаласында полиция Бас басқармасының әуе флотының тікұшағы апатқа ұшыраған.

 

- EM 708 нөмірлі тікұшақ Хатай әуежайынан Газиантеп әуежайына ұшып бара жатқан, соңғы рет экипаж жергілікті уақыт бойынша 22.49-да байланысқа шыққан, - деп хабарлады ведомство басшысы.

 

Оқиға орнына дереу Ұлттық медициналық құтқару қызметі (UMKE), құтқарушылар, жандармерия қызметкерлері және Түркияның Апаттармен күрес басқармасының (AFAD) топтары жіберілді. Жараланған полицей ауруханаға жатқызылды.

768 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз