Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Ақпан, 2024

Мемлекет басшысы Финляндия Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.
– Сайлаудағы жеңісіңіз халқыңыздың Сізге деген сенімін білдіреді, сондай-ақ Сіздің перспективті бағдарламаңыз бен мол саяси тәжірибеңізді қолдайтынын көрсетеді. Финляндия өзіңіздің басшылығыңызбен қарқынды дамуын жалғастырып, өркендей беретініне сенімдімін. Біз Финляндиямен арадағы  достыққа және өзара құрметке негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі елдің игілігі жолындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ықпалдастықтың әлеуетін пайдалану үшін Сізбен және фин үкіметімен тығыз байланыс жасаймыз деп сенемін, – делінген жеделхатта.



Фото: t.me/aqorda_resmi

195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз