Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Ақпан, 2024

Израильдегі Қазақстан Елшісі «Publicis groupe» медиа-агенттігінің басшылығымен кездесті

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов «Publicis groupe» ірі медиа-агенттігінің басшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Пікір алмасу кезінде дипломат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы баяндап, топ-менеджерлердің назарын алдағы жылдары экономика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, логистика, АT, білім, ғылым және мәдениет салаларындағы жаһандық жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа үкіметтің алдына қойылған міндеттерге аударды.

Тараптар сонымен қатар халықаралық сипат алған ағымдағы ахуал жайлы пікір алмасты. Бұдан бөлек, С. Бұршақов Астана халықаралық форумының жұмысымен таныстырып, медиа-менежерлерді «Адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ұлттар бірлестігі: Бірге үздік әлем құрамыз» атты тақырыпта өтетін ауқымды шараға қатысуға шақырды.

Форумға қатысуға қызығушылық танытқан «Publicis groupe» Президенті Йорам Бауман еліміздегі адамдардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды өзгерістерге оң бағасын берді.

693 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз