Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҚҰЖАТТАР
  • 15 Ақпан, 2024

Қорғаныс ведомствосының құрылымдық бөлімшелері арасында ең мықты шаңғышылар командасы анықталды

Елорданың Орталық саябағының шаңғы жолында Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштері Бас штабының XIV спартакиадасы аясында Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы – Спорт комитеті ұйымдастырған шаңғы жарысынан дәстүрлі чемпионат өтті. 

Қорғаныс ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің атынан 31 команда құрамында 120 спортшы бұл жарыста үздік атану үшін бағын сынап көрді. Жарыс 1000-нан 2500 метрге дейінгі қашықтықта төрт сатылы әскерилендірілген эстафета түрінде ұйымдастырылды. Әр командада үш ер адам мен бір әйел болды.

Спортшыларды жарыстың сәтті өтуімен Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник Русланбек Бекжігітов құттықтады. 

– Шаңғы жарысынан чемпионат өткізу дәстүрге айналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймын. Сіздер сайыста табандылық көрсетіп, күш-жігерлеріңізді жанып, жеңіске ұмтылдыңыздар, – деп атап өтті ол. 

Жарыс екі топ бойынша бағаланды. Негізгі критерий – кезеңдерді өту уақыты. 

Бірінші топта Әскери өкілдіктер орталығының командасы алтын олжаласа, күміс – Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің құрамасына бұйырды, қоланы – Әкімшілік департаментінің спортшылары иеленді 

Екіншісінде – Әскери полиция бас басқармасының шаңғышылары чемпион атанды, Тыл бастығы басқармасының құрама командасы күміс, Қару-жарақ бастығының басқармасы қола жүлдені еншіледі.

Бірінші топтың ерлер арасындағы сайысында жеке есепте Әкімшілік департаментінің 2-сынып сержанты Азамат Жақыпов чемпион атанды, Мемлекеттік авиациялық ұшу қауіпсіздігі департаментінің офицері полковник Жаслан Аманов күміс медаль, Жедел жоспарлау департаментінің офицері подполковник Жақсат Балтурин қола медаль тағынды. 

Екінші топта Тыл бастығы басқармасының атынан шыққан подполковник Евгений Ерастов үздік нәтиже көрсетті, екінші орында – қатардағы жауынгер Әділ Сапаров, үшінші орында – Әскери полицияның бас басқармасынан кіші сержант Айдын Ысқақұлы. 

Бірінші топтағы әйелдер арасындағы жеке жарыста Жедел жоспарлау департаментінің намысын қорғаған майор Алена Ақымбекова жеңіске жетті, екінші орынды Кадрлар департаментінен сержант Жанерке Оралбекова еншіледі.  

Екінші топта Қару-жарақ бастығы басқармасының атынан шыққан подполковник Ұлпан Талап жеңіске жетті, тұғырдың екінші сатысын Ұлттық әскери-патриоттық орталығынан лейтенант Мария Салыкова, үшіншісін Әскери полицияның бас басқармасының өкілі ефрейтор Жұлдызай Болатбек иеленді. 

Жарыс қорытындысы бойынша «Белсене қатысқаны үшін» номинациясына ҚР Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі департаменті мен Қару-жарақ бастығының басқармасы ие болды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Тыл бастығы басқармасының әскери қызметшілері полковник Александр Воинков пен кіші сержант Райхан Жақыпова марапатталды.

Тыл бастығы басқармасының көмегімен жарысқа қатысушыларға  бой жылытуға сарбаз ботқасы мен ыстық шай ішетін шатырлар орнатылды.

Фото: gov.kz

166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз