Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Ақпан, 2024

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған елемізде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

2024 жылдың маусым айында жоспарланған ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси өзара іс-қимылды дамыту, қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына ауысқаны белгілі.

752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз