Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Ақпан, 2024

«Қазақконцерт» әртісі Германияда өткен хореографиялық байқаудың алтын медаліне ие болды

«Қазақконцерт» әртісі Германияда өткен беделді хореографиялық байқаудың алтын медаліне ие болды, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
⠀Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды.
⠀Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты екі би нөмірін ұсынды.
⠀800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта кету керек, Аққанат - Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған жалғыз өнерпаз.
⠀«TANZOLYMP» фестиваль-байқауы жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық байқаулардың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.

671 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз