- Шартарап
- 21 Ақпан, 2024
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейдің елшісін қабылдады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейдің елшісін қабылдады, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан Қазақстан-Ресей қатынастарын одан әрі нығайтуға деген көзқарасты растады.
1018 рет
көрсетілді0
пікір