Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Ақпан, 2024

Кения мен Қазақстан сауда айналымы 40 млн АҚШ долларын құрайды

Қазақстанның Эфиопиядағы және Кениядағы (қоса атқарушы) Елшісі, Африка одағы және БҰҰ-ның Найробидегі өкілдігі жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Достастық департаментінің директоры Роза Макена Мучири мен СІМ Протокол басшысы Питер Мвендвамен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сұхбаттастар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларына, аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларға, екіжақты шарт-құқықтық базаны қалыптастыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық келешегіне қатысты сұрақтарға ерекше назар аударылды.

Дипломаттар сондай-ақ 2023 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен кездесу барысында мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың іске асырылуына назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Анықтама: 40 млн АҚШ долларын құрайтын сауда айналымымен Кения Қазақстанның Африкадағы төртінші сауда серіктесі болып табылады және Африкаға шығыс «теңіз қақпасы» ретінде қызығушылық тудырады. Кенияда БҰҰ Қоршаған орта және халық істері жөніндегі басқармасы да орналасқан.

810 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз