Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 06 Наурыз, 2024

Air Astana ереуілге байланысты Германияға ұшпайтын болды

Air Astana әуе компаниясы 2024 жылдың 7 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі салдарынан KС921/KС922 Астана-Франкфурт-Астана рейстерінің орындалмайтыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Бұл туралы әуекомпания жолаушыларына SMS хабарламалар жіберілген.

Жолаушыларға сервис ақысынанан басқа билеттің пайдаланылмаған бөлігі толық қайтарылады немесе 2024 жылдың 14 наурызына дейін орындалатын басқа рейстерге айыппұлсыз қайта брондау қарастырылған.

"Әуекомпанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның солдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның көмек орталығына хабарласып, рейстің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

 

741 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз