Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Наурыз, 2024

Ұлттық құрама Париждегі Олимпиадаға неше лицензия алады?

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париждегі Олимпиада лицензиялары туралы айтты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

"Бокстан Италияда өткен лицензиялық турнирде ерлер құрамасы 5 лицензия иеленіп, жоспарды минималды түрде орындады. Бізде 7 олимпиадалық салмақ бойынша қоржынымызда 6 жолдама бар", -  деді министр.
Министрлік пен бокс федерациясы Таиландта өтетін турнирде лицензия алуға үмітті. 205 елден әлемнің ең мықты спортшылары қатысатын халықаралық додаға қатысу үшін лицензия ұтып алуға біздің спортшыларымыздың әлі де мүмкіндігі бар.
"Алда 63 лицензиялық және рейтингтік турнирлер бар. Мақсат — 20-25 спорт түрінен 80-ге жуық лицензия иелену.
Қытайда таэквондодан турнир өтіп жатыр. Бүгін 17 жастағы Батырхан Төлеуғали Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. Барлықтарыңызды құттықтаймын!
18-21 сәуір аралығында Бішкекте балуандарымыз 3 түрлі сайыста Олимпиада жолдамасына таласады. Сондықтан Министрлікке, спорт федерациялары мен барлық бапкерлік штабқа тынымсыз еңбектену керек. Уақыт өте аз қалды. Біз Париж төрінде абыроймен өнер көрсетуге тиіспіз", - деді Ермек Маржықбаев.

 

Фото: Туризм және спорт мтнистрлігі

243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз