Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Наурыз, 2024

Таразда 24 автобус пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі қоғамдық көліктерді жаңарту, олардың бағыттары мен санын арттыруға баса назар аударуда.

Бұл мәселеге Тараз қаласын дамытудың үш жылдық жоспарында да баса мән берілген.

Осыған орай,  облыс орталығында 24 автобус пайдалануға берілді.

«СапарТранс-2012» және «Smart City Servise» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің 10-ы «Дамрус» ЖШС қызмет көрсеткен №40 бағыттағы ескірген автобустарды алмастырса, 12-сі бұрын тоқтап қалған №41 маршрутты қайта қалпына келтіреді. Ал қалған 2 автобус аталған серіктестік қызмет көрсететін маршруттар үшін (8,9,56, 41 бағыттар) резерв ретінде қолданылады.

Жеткізілген автобустардың ұзындығы 9 метр, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды.

Айта кетейік, 2023 жылы Таразға жалпы саны 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биыл 70 қоғамдық көлік ел игілігіне беріледі деп көзделуде. Бұдан бөлек, 5 жаңа бағыт ашу, 75 аялдама орнату жұмыстары да жоспарлануда.

Фото: gov.kz

207 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз