Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Наурыз, 2024

«Қаңтар» оқиғасында ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

«Қаңтар» оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.

2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.

Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

141 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз